Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты Сіздерді «Өмір сүру сапасы: әлеуметтік-экономикалық басымдықтар және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының өсуінің негізгі бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Өтетін күні: 22 сәуір 2021 ж., Алматы қ. уақыты бойынша сағ. 15:00
Орны: ZOOM алаңында онлайн режимінде
Конференция шеңберінде ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының негізгі міндеттерін шешу бойынша ел халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі проблемалар мен шараларды талқылау жоспарлануда.
Конференция бағдарламасына келесі мәселелер енгізілді:
· қазіргі жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру;
· өмір сапасы мен халықтың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі;
· кедейлікті азайту тенденциялары мен тәсілдері;
· ауыл мен қаланың дамуындағы алшақтық: проблемалар мен шешу жолдары;
· азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының басымдықтары;
· шағын аудандар мен қалалардың проблемалары және т.б.
Конференция жұмысына белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының, жоғары оқу орындарының, бизнес, қоғам өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысады. Конференция материалдары ғылыми басылым түрінде жарияланады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция ұйымдастырушыларының байланыстары: Электрондық пошта: ieconomkz@gmail.com
ZOOM конференциясына қосылу үшін сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/88039407497?pwd=ZUZCVzJwZHYzWGNWMXlIbGFITzZQdz09
Конференция идентификаторы: 880 3940 7497
Кіру коды: 499115