ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директоры экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Тургинбаева Ардақ Несіпбекқызы Руппин академиялық орталығының иммиграция және әлеуметтік интеграция институтының ғылыми қызметкері, профессор Нонна Кушнирович (Израиль) және Мукими атындағы Қоқан педагогика институтының профессоры Хуршида Устаджалиловамен (Өзбекстан) бірлесе отырып, Израиль аймақтық серіктестік министрлігі ұсынған «Business Ethics of Immigrants and Their Acculturation: A Cross-Cultural Study in Three Countries—Israel, Kazakhstan, and Uzbekistan (Иммигранттардың іскери этикасы және олардың аккультурациясы: Израиль, Қазақстан және Өзбекстан – еларалық мәдениетті зерттеу)» халықаралық зерттеу жобасын ұтып алды. Жоба Экономика институтының Израиль мен Өзбекстанның басқа да шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен серіктестігін кеңейтуге жол ашады.