Басыт бет

Әлеуметтік-экономикалық даму үшін мұнайдан түскен табысты үлестіруді зерттеу: әлемдік және қазақстандық жол

Әлеуметтік-экономикалық даму үшін мұнайдан түскен табысты үлестіруді зерттеу: әлемдік және қазақстандық жол

Бүгін ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директоры э.ғ.д., қауым.профессор Тургинбаева А.Н., Экономика институты Инновациялық-технологиялық даму бөлімінің меңгерушісі  PhD, қауым.профессор Сатпаева З.Т., Экономика институты Нақты сектор экономикасының меңгерушісі PhD, қауым.профессор Кангалакова Д.М. э.ғ.д., профессор Мухамедиев Булат Минтаевичтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлеуметтік-экономикалық даму үшін мұнайдан түскен табысты үлестіруді зерттеу: әлемдік және қазақстандық жол» атты дөңгелек үстелге қатысып, мерейтой иесін Экономика институты атынан құттықтады.

Экономика институты мен ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі арасында «Ғылым ордасы» кешенінің базасында ғылыми кадрларды даярлаудың ортақ бағдарламасы іске асырылуда және оның аясында экономика мамандықтарының философия докторлары мен магистранттарын оқытуда.

2 экономика ғылым докторы, 11 кандидат, 9 PhD докторына жетекшілік еткен, 200 астам еңбек автор э.ғ.д., профессор Мухамедиев Б.М. жарты ғасыр бойы ғылым саласы мен жоғары білім аясында қызмет етіп келеді және экономика ғылымы мен еліміздің экономикасына елеулі үлес қосуда.