Басыт бет

«Ұлттық экономикалық мүдделер және халықтың әл-ауқаты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Ұлттық экономикалық мүдделер және халықтың әл-ауқаты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    2024 жылдың 11 қазанында Алматы қаласында ҒЖБМ ҒК Экономика институтының ұйымдастыруымен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қошанов Аманжол Қошанұлының 90 жылдың мерейтойына және еске алуға арналған «Ұлттық экономикалық мүдделер және халықтың әл-ауқаты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға шетелдік және отандық айтулы ғалымдар, мемлекеттік қайраткерлер мен лауазымды тұлғаларды қоса, ғылым жолында жүрген 100-ге жуық қызметкер қатысты. Осындай елеулі іс-шараның өткізілуімен құттықтап жіберген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын конференцияға арнайы келген ҚР ҒЖБМ вице-министрі Дархан Жұмабекұлы Ахмед-Заки оқыды. Сондай-ақ ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев сөз кезегін алып, жылы лебізін білдірді.

Осы орайда Конференцияда келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды:

  1. Тургинбаева Ардақ Несіпбекқызы – ҚР ҒЖБМ ҒК «Экономика институтының» бас директоры, э.ғ.д., қауым.профессор (Алматы, Қазақстан)

 «Академик Қошановтың мұрасы: Экономика институының дамуына қосқан үлесі»

  1. Койчуева Мэрим Турарқызы – Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, э.ғ.д., профессор, (Бішкек, Қырғызстан)

«Заман сарынына сәйкес»

  1. Алшанов Рахман Алшанұлы – «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор (Алматы, Қазақстан)

«Ұлттық экономиканы әртараптандыру – экономика тұрақтылығын нығайтудың негізгі шарты»

  1. Калиева Сауле Ағанбайқызы — ҚР ҒЖБМ ҒК «Экономика институтының» бас директорының даму және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, э.ғ.д., қауым.профессор (Алматы, Қазақстан)

«Елдің кадрлар әлеуеті: даму беталысы және өсу құралдары»

  1. Бобков Вячеслав Николаевич — Ресей Ғылым академиясы Экономика институты Адам капиталы даму орталығының өмір сүру сапасы мен деңгейін әлеуметтік-экономикалық зерттеу секторының меңгеушісі, э.ғ.д., профессорь (Мәскеу, Ресей)

«Ресей Федерациясының ұзақ мерзімдегі дамуы және халықтың әл-ауқаты»

  1. Святов Серік Аманжолұлы – «Нархоз Университеті» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, э.ғ.д., профессор (Алматы, Қазақстан)

«Қазақстанның банк жүйесі және ұлттық экономикалық мүдделер»

  1. Shaikh Aijaz Ahmed – Ұлттық ғылым және технология университеті Бизнес-мектебінің профессоры (Исламабад, Пәкістан),; Alpha Care Oy. бас атқарушы директоры, (Ювяскюля, Финляндия)

«Цифрлық әлеуметтік инновация тұжырымының түсінігі» (Understanding the concept of digital social innovation) (онлайн)

  1. Сапрыка Виктор Александрович – Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, саяси әлеуметтану және әлеуметтану технологиялары кафедрасының профессор, ә.ғ.д., (Мәскеу, Ресей)

«Шекаралас аумақтардың ақпараттық қауіпсіздігі олардың даму факторы ретінде» (онлайн)

  1. Устаджалилова Хуршида Алиевна – Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты, Математика кафедрасының доценті (Қоқан, Өзбекстан)

«Өзбекстан жоғары білімінің дамуындағы цифрлық технологиялардың рөлі» (онлайн)

  1. Берешев Серікжан Хамитұлы – «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу» институты ЖШС сарапшысы, э.ғ.д., профессор (Алматы, Қазақстан)

«Қазақстандағы еңбекақыны реттеу: беталыстар және перспективалар»

  1. Есекина Бахыт Камалбекқызы – «Жасыл академия» ғылыми-білім орталығының директоры, э.ғ.д., профессор (Астана, Қазақстан)

«Қазақстанның климатқа бейімделу сферасындағы ұлттық мүдделер»

  1. Бримбектова Нұрсауле Жанахметқызы – ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының ж.ғ.к., э.ғ.к. (Алматы, Қазақстан)

«Қазақстанның мәселелі аймақтарындағы әлеуметтік даму дисбаланстары»

  1. Қошанова Жанар Аманжолқызы – Акаедмик Қошанов А.Қ. қызы

«Академик Қошанов және Қазақстанның экономика ғылымы»

   Конференция қорытындысы бойынша, қонақтар мен қатысушылар «Ұлттық экономикалық мүдделер және халықтың әл-ауқаты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ҰСЫНЫСТАР ЖОБАСЫМЕН танысты, қолдады және негізгі ережелерін қабылдады.