Аңдатпа
Жобаның мақсаты ресурстарды үнемдеуге негізделген шектеулі ресурстар жағдайында Қазақстанның мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың стратегиялық бағытын негіздеу және тетіктерін әзірлеу болып табылады.
Жобаның міндеттері:
- Мұнай және газ шикізатын ресурсты үнемдейтін пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.
- Мұнай-газ кешенінің бар өндірістік әлеуетіне талдау жүргізу және мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастыру мен дамыту қажеттілігін негіздеу.
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық, нормативтік-құқықтық және заңнамалық тетіктерін әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер:
— мұнай және газ шикізатын ресурсты үнемдейтін пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу;
— ресурстарды үнемдеуге негізделген мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;
— Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың ұйымдастырушылық, экономикалық, реттеуші және заңнамалық тетіктерін әзірлеу.