Сыртқы байланыстар және даму жөніндегі директордың орынбасары Алибекова Гұлназ ЖанатқызыЕкатеринбург қаласында өткен «Ресей қалалары: көшбасшылық технологиялары» IX Стратегиялық даму форумыаясындағы «Орталық Азия: Шығыс пен Батыс арасындағы көпір. Мәдени код болашақ экономикасын қалай қалыптастырады» атты панельдік пікірталасқа қатысты.
Іс-шара барысында Гұлназ Жанатқызы «Қазақстанның индустриялық қалалары: орнықты даму жолындағы сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасап, жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстан қалаларының метаболизм жүйесіне қатысты негізгі мәселелер мен олардың тұрақты дамуға әсерін атап өтті.
Форумға қатысу Қазақстан тәжірибесін халықаралық аудиторияға ұсынуға, сондай-ақ Орталық Азия елдері, Ресей және Қытайдан келген сарапшылармен кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.