Әлібекова Гүлназ Жанатқызы Форумның ашылу салтанатында сөз сөйледі, сондай-ақ Қытайдың ғылыми-танымал жазушылар қауымдастығы, Қытайдың ғылымды танымал ету институты ұйымдастырған Халықтың ғылыми сауаттылығын дамыту жөніндегі Форум секциясына қатысты. Форумда Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы (Қазақстан) мен ғылыми-танымал жазушылар қауымдастығы (Қытай) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын атап өту маңызды.
Форумды ұйымдастырушылар ғылымды насихаттаудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы бағыттағы бірлескен күш-жігерді дамыту үшін ұсыныстар әзірледі.
Анықтама: Экономика Институты 30 жылдан астам уақыт бойы ғылым мен ғылыми әлеуетті дамыту мәселелерімен айналысады және осы тақырып бойынша бірқатар гранттық жобалар мен бағдарламаларды іске асырып келеді.


