Басты бет

ПРОФЕССОР Ә. Ә. ӘЛИМБАЕВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ: ҚАРАҒАНДЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ПРОФЕССОР Ә. Ә. ӘЛИМБАЕВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ: ҚАРАҒАНДЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Болашақ экономикасы: тұрақты дамудағы инновациялар мен цифрлық технологиялардың синергиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған шара көрнекті ғалым-экономист, профессор Әбілда Әмірханұлы Әлимбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналды. 

Конференция аясында экономиканың цифрлық трансформациясы мен тұрақты дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шараға қатысқан жетекші ғалымдар мен сарапшылар тәжірибе алмасып, заманауи экономикалық ғылымның негізгі бағыттары бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Конференция жұмысына Экономика институты атынан э.ғ.д., профессор Нұрланова Н.К. және э.ғ.д., профессор Тлеубердинова А.Т. қатысты.

Ғалымдар мерейтой иесіне Экономика институтының ұжымы атынан шынайы құттықтаулар мен ізгі тілектерін жеткізді. Өз сөздерінде олар профессор Әлимбаевтың Қазақстандағы экономикалық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, мұндай ғылыми алаңдардың жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті.