Басты бет

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 12-13 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетініңбазасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім мен ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Жұмыс кеңесінде негізгі назар оқытуды деректер аналитикасы мен жасанды интеллект құралдарыменықпалдастырылған әмбебап құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлауға аударылды. Сонымен қатар 2023-2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ғылымды басқарудың жаңа модельдеріне көшу мәселелері қаралды.

Алқа отырысы аясында ұйымдастырылған көрмеде жасанды интеллект, нанотехнологиялар, металлургия және ауыл шаруашылығы салаларындағы 40-тан астам инновациялық жоба таныстырылды.