Басты бет

Венаға (Австрия) іссапар туралы қысқаша ақпарат

Венаға (Австрия) іссапар туралы қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының бас ғылыми қызметкерлері э.ғ.д., профессор Тлеубердинова А. Т., э.ғ. д., профессор Нұрланова Н. К. AP23488456 «Қазақстанның проблемалық аймақтарының экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуындағы теңгерімсіздіктер және олардың тәуекелдері: факторлар, бағалау, ықтимал сценарийлер, нивелирлеу тетіктері» жобасы бойынша міндеттерді орындау шеңберінде 2025 жылғы 11-12 маусым аралығында Венада өткен «Менеджмент, Экономика және гуманитарлық ғылымдар» 16-шы Халықаралық конференциясына (16th International Conference on Management, Economics and Humanities which will be held at Vienna, Austria 12-14 June 2025) қатысты. Конференцияда «Аймақтық теңгерімсіздік парадокстары және оны өлшеу (Қазақстан мысалында)» (Paradoxes of regional imbalance and its measurement (case of Kazakhstan) тақырыбында баяндама ұсынылды. Баяндама конференцияға АҚШ, Канада, Польша, Жапония, Корея Республикасы, ҚХР (Гонконг) және басқа елдерден келген зерттеуші-ғалымдардың арасында үлкен қызығушылық тудырып, пікір алмасулар, сұрақ-жауап жүргізілді.

Конференцияда шетелдік ғалымдармен тұрақты дамудың әртүрлі аспектілері бойынша идеялармен алмасу, проблемаларды, әдіснаманы және негізгі тұжырымдар талқыланды. Конференция қорытындысы бойынша қатысқаны үшін алғыс хатпен сертификаттар беріліп, конференция материалдарында баяндама тезистері жарияланады, Scopus базасының журналында жариялау мүмкіндігі берілді.