Басты бет

Ресурстарды үнемдеу ресурстық шектеу жағдайында Қазақстанның мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың стратегиялық бағыты ретінде: іске асыру тетіктері

Ресурстарды үнемдеу ресурстық шектеу жағдайында Қазақстанның мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың стратегиялық бағыты ретінде: іске асыру тетіктері

Аңдатпа

Жобаның мақсаты ресурстарды үнемдеуге негізделген шектеулі ресурстар жағдайында Қазақстанның мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың стратегиялық бағытын негіздеу және тетіктерін әзірлеу болып табылады.

 Жобаның міндеттері:

  1. Мұнай және газ шикізатын ресурсты үнемдейтін пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.
  2. Мұнай-газ кешенінің бар өндірістік әлеуетіне талдау жүргізу және мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастыру мен дамыту қажеттілігін негіздеу.
  3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық, нормативтік-құқықтық және заңнамалық тетіктерін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

— мұнай және газ шикізатын ресурсты үнемдейтін пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу;

— ресурстарды үнемдеуге негізделген мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;

— Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінде «жасыл» экономиканы қалыптастырудың ұйымдастырушылық, экономикалық, реттеуші және заңнамалық тетіктерін әзірлеу.

2024ж. нәтижелері:

Мұнай-газ кешенінің шикізаттық даму моделінен ресурсты үнемдеу моделіне көшуінің алғышарттары анықталды. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының қоршаған ортаға әр түрлі ластанулар мен парниктік газдар шығарындыларынан экологиялық қауіп-қатерлер анықталды. Мұнай-газ кешенін экологияландыру дәрежесіне баға берілді және оның кәсіпорындарының экологиялық таза технологияларды енгізуге әлсіз бейімділігінің негізгі себептері анықталды.

Отандық басылымдарда 5 мақала жарияланды.

2025 ж. 1-тоқсанның нәтижелері:

Зиянды шығарындыларды азайту мақсатында ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану үшін жоғары технологиялық газ-химия өндірістерін қалыптастыру қажеттілігі негізделді; мұнай-газ кешені салаларын декарбонизациялау бағыттары айқындалды; шикізатты кешенді пайдалану негізінде мұнай-химия кластерлерінің схемалары әзірленді.

Отандық басылымдарда 3 мақала, шетелдік басылымдарда 1 мақала жарияланған.