ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері, э.ғ.к. Р.М.Рузанов Екатеринбургте өткен Аймақтық экономика бойынша VIII Халықаралық симпозиумға қатысты
2025 жылдың 24 маусымында ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері, э.ғ.к. Р.М. Рузанов «Кеңістіктік даму стратегиялары: сын-тегеуріндер мен перспективалар» (Екатеринбург қ.) өңірлік экономика жөніндегі VIII халықаралық симпозиумның (REC-2025) пленарлық отырысында «Экономикадағы өңірлік асимметриялар және олардың кірістерді саралаудағы рөлі» атты баяндамасымен сөз сөйледі.
Баяндамада салалық мамандандыруды, инфрақұрылымды және адам капиталын қоса алғанда, асимметриялардың себептері, сондай-ақ диспропорцияларды жеңілдету бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ Рашид Мұратбекұлы 25 маусымда Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінде «Креативті индустрияларды кеңістікте дамыту: қала, өңір, ел» атты дөңгелек үстелде «Қазақстандағы креативті индустрия: талдау және даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
Бұл симпозиум зерттеу нәтижелерімен алмасу, байланыстарды жаңарту және жоспарларды талқылау үшін тұрақты алаңға айналған. Р.М.Рузановтың баяндамасы түрлі алыс-жақыннан келген ғылыми қауымның қызығушылығын тудырып, белсенді пікір алмасулар өтті.
ㅤ
ㅤ




