ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директоры, э.ғ. д., профессор Е. Т. Садықов 2025 жылдың 23-25 маусымында Мәскеу қаласында Ресей Ғылым академиясы Экономика институтының 95 жылдығына арналған «Жаңа жағдайдағы Ресей экономикасын трансформациялау» атты мерейтойлық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференцияда қазіргі заманғы сын-қатерлер мен экономикалық даму бағыттарының кең ауқымын қамтитын баяндамалар ұсынылды. Е. Т. Садықов «Бөлу қатынастары аспектісінде еңбекақы төлеу деңгейіндегі өңірлік және құрылымдық-салалық теңгерімсіздіктер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама қатысушылар арасында қызығушылық тудырып, пікір алмасулар, талқылау жүргізілді.
ㅤ

