ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтымызда «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері: заманауи тәсілдер және цифрлық технологиялар» бағдарламасы аясында практикалық бағыттағы семинарлар сериясын жалғастыруда.
Осы жолы біздің әріптесіміз, Адильханов Олжас, PhD, өз тәжірибесімен бөлісіп М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде семинар өткерді.
Ол ғылыми жұмыспен айналысу барысында қолданатын келесі маңызды тақырыптар бойынша баяндама жасады. Экономикалық зерттеу мен ғылыми мақаланы құрудың әдіснамалық негіздері. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс: әдеби шолу, дереккөздерді іздеу және Mendeley арқылы APA стилінде рәсімдеу. Экономикалық зерттеулердегі деректермен жұмыс: іздеу, жинақтау және бастапқы өңдеу. Эконометрикалық талдау негіздері: Excel және Gretl бағдарламалары арқылы корреляциялық-регрессиялық әдістерді қолдану. PhD диссертациясын жазу және сәтті қорғау бойынша практикалық кеңестер.
Экономика институты ғылыми қауымдастықты қолдауды жалғастырып, білім алмасуға және кәсіби өсуге бағытталған орта қалыптастыруды мақсат етеді.