Басты бет

«ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ФОРУМЫ

«ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ФОРУМЫ

2026 жылғы 15–16 қаңтар күндері Назарбаев Университетінде «Жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбындағы форум өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорлары, университеттердің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, ASIIN, QAA, Times Higher Education халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің сарапшылары, сондай-ақ шетелдік эксперттер қатысты.

Форум бағдарламасы практикалық бағыттағы мастер-кластарды, тақырыптық сессияларды және пленарлық отырысты қамтыды.

Форумның алғашқы күнінде халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің университеттерді халықаралық аккредиттеуге даярлау мәселелеріне арналған мастер-кластары өтті. Атап айтқанда, жиі жіберілетін қателіктер мен тиімді тәжірибелер (лайфхактар), жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мен арттырудағы сыртқы стейкхолдерлердің рөлі, сондай-ақ білім беру қызметтерін экспорттау және халықаралық аккредиттеудің озық тәжірибелері талқыланды.

Екінші күнгі сессияларда ғылыми қызмет нәтижелерінің сапасын бағалау, ғылыми кадрларды даярлау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын мемлекеттік реттеу, сондай-ақ білім беру үдерістеріне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері қарастырылды.

Форум қорытындылары 2026 жылға және орта мерзімді кезеңге арналған жоғары білім мен ғылым сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың бірыңғай векторын айқындады. Бұл вектор қазақстандық университеттердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және академиялық стандарттарын арттыруға бағытталған.