Институт жайлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМК 1952 жылы Ғылым Академиясы жүйесінде құрылған. ҚР БҒМ 2000 жылғы 2 қазандағы № 496 бұйрығы бойынша құрылған Нұр-сұлтан қаласында Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы – филиалы бар.

Институтта академиктер жұмыс істейді: ҚР ҰҒА-2 адам, ҚР ҰИА-1 адам, ҚР МАИ – 1 адам. Институттың жоғары ғылыми әлеуеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының 2 лауреатының болуымен расталады.

Институтта ғылыми дәрежесі бар (60%) ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Экономика институты «ҚР БҒМ ҒК ғылыми-зерттеу институттарының магистратура мен PhD докторантура шеңберінде ғылыми кадрларын даярлаудың білім беру бағдарламалары» аясында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге «экономика» және «әлемдік экономика» мамандықтары бойынша PhD-докторлар мен магистрлерді дайындайды.

Институт құрылымы икемді болып табылады және экономикалық ғылымдағы зерттеулердің басымдықтарына және Қазақстандағы экономика мен социумды дамытудың стратегиялық міндеттеріне бағынышты. Атап айтқанда, 2018 жылы Әлемдік және отандық экономикалық дамудың жаңа талаптарына сәйкес бәсекеге қабілеттілік, инновация, ғылыми сыйымды экономика, әлеуметтік даму, аймақтық экономика, цифрландыру және т. б. проблемаларын зерттеуге бағытталған жаңа құрылым бекітілді.

Қазіргі уақытта институт құрылымында 7 бөлім және филиал жұмыс жасайды:

Шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ғалымдармен тығыз ынтымақтастық орнатылуда. Институт халықаралық ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатысады, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т. б. өткізеді.

ҚР бағдарламалық құжаттарын іске асыру шеңберінде және Экономика институтының стратегиялық даму жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі:

  • ғылыми сыйымды экономиканы дамыту;
  • экономиканы құрылымдық және технологиялық жаңғырту;
  • әлеуметтік-экономикалық даму;
  • қаржы және инвестициялық саясат;
  • «Жібек жолы» экономикалық белдеуі шеңберінде Қазақстан мен Қытайдың экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығының бағыттары мен әлеуетін зерттеу;
  • Қазақстан экономикасын басқару мәселелері;
  • нақты сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
  • аймақтық дамудың заңдылықтары мен принциптері;
  • Қазақстанның жаһандық технологиялық кеңістікке интеграциясы;
  • кластерлік даму мәселелері;
  • мемлекеттік және жеке кәсіпкерлікті дамыту;
  • институционалдық даму және экономикалық прагматизм және т. б.