Магистратура және докторантура

ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКА ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-МЕН БІРЛЕСІП ҒЫЛЫМИ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ

(ҚР БҒМ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты – Қазақстандағы іргелі зерттеулер орталығы. 1952 жылы Ғылым Академиясы жүйесінде құрылған. Нұр-сұлтан қаласында филиалы – Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы бар.

Негізгі ғылыми қызметі ғылыми-техникалық бағдарламалар, іргелі және қолданбалы зерттеулер гранттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың гранттары шеңберінде жүзеге асырылады.

Біз

ҒЫЛЫМИ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ЗАМАНАУИ СТАНДАРТТАРДЫ

ҮЙЛЕСТІРЕТІН АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕ

алудың бірегей мүмкіндігін ұсынамыз

Магистратура және PhD докторантура мамандықтары

7М041 – Экономика

8D050 – Экономика

7М041 – Әлемдік экономика

8D051- Әлемдік экономика

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі:

  • Әзірленген мамандандырылған және пәнаралық білім беру бағдарламаларының жаңалығы мен инновациялық бағыты;
  • Экономиканың басым секторларындағы кәсіби қызмет үшін жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін, қажетті құзыреттерді меңгерген, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған;
  • Білім беру процесінде жаңа ғылыми білімді пайдалану;
  • Экономикалық зерттеулер саласындағы үздік ғылыми кадрларды тарта отырып, тереңдетілген кәсіптік даярлау.

Біздің докторанттар институттың ғылыми жобаларының орындаушылары болып табылады.

Институттың ғылыми бағыттары

  • Ғылыми сыйымды экономика и инновациялық даму
  • Әлеуметтік экономика
  • Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
  • Аумақтық дамудың теңгерімділік проблемалары
  • Қаржы және инвестициялық саясат
  • Цифрлық экономика
  • Ұлттық экономикалық қауіпсіздік
  • Экономиканың нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  • Жаһандық экономикалық тәуекелдер мен қауіптерді еңсеру
  • Экономиканың құрылымдық және инновациялық-технологиялық жаңғыртылуы
  • Қазақстанның жаһандық технологиялық кеңістікке интеграциялануы

Зерттеу нәтижелері Экономика институты ғалымдарының Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін рейтингтік журналдардағы көптеген жарияланымдарында жарық көрген.

Халықаралық ынтымақтастық

Экономика институты шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Түркия, Испания, Вьетнам, Әзірбайжан, Өзбекстан жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Институтта жұмыс істейтін белгілі ғалымдар

Сатыбалдин Ә.Ә. –  э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

Қошанов А.Қ. – э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

Сәбден О.С. – э.ғ.д., профессор, ҚР ҰИА академигі

Нұрланова Н.К. – д э.ғ.д., профессор

Мельдаханова М.К. – э.ғ.д., профессор

Днішев Ф.М. – э.ғ.д., профессор

Егоров О.И. – э.ғ.д., профессор

Гайсина С.Н. – э.ғ.д., профессор

Жалелева Р.З. – э.ғ.д., профессор

Бримбетова Н.Ж. – э.ғ.к., доцент