Басты бет

X ЕУРАЗИЯЛЫҚ GEWR’26 БИЗНЕС-ФОРУМЫ

X ЕУРАЗИЯЛЫҚ GEWR’26 БИЗНЕС-ФОРУМЫ

2-3 шілде күндері Астана қаласында өтіп жатқан Green Energy & Waste Recycling (GEWR’26) X Еуразиялық бизнес-форумы маңызды халықаралық оқиғалардың біріне айналды. Форум циркулярлық экономиканы дамыту, «жасыл» энергетика, қалдықтарды басқару және экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерді енгізудің заманауи тәсілдерін талқылайтын ең ірі халықаралық алаңдардың бірі болды.

Іс-шара Қазақстан мен шетелдердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың, бизнес өкілдерінің және салалық сарапшылардың басын қосты. Форумның ұйымдастырушысы – Қазақстанның қалдықтарды басқару жөніндегі KazWaste қауымдастығы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен өтті.

Форум аясында қалдықтарды басқару жүйелерін дамыту, циркулярлық экономика қағидаттарын енгізу, саланы цифрлық трансформациялау, экологиялық жобаларды қаржыландыру, ESG-тәсілдерін қолдану, көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері талқыланды.

Бағдарламада сондай-ақ өнеркәсіптік және электрондық қалдықтарға арналған тақырыптық сессиялар, «жасыл» технологияларды дамыту, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған талқылаулар қамтылды.