2026 жылғы 15 шілдеде Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» кітабының бесінші томын таныстыру іс-шарасы өтті.
Іс-шараның тақырыбы: «Иық тіресе ілгерілеп, дамуды бірге еселеу: Қытай-Қазақстан ортақ тағдыр қауымдастығын бірлесіп құру».
Іс-шараны ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Ақпарат кеңсесі, ҚХР Шетел тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату департаменті және ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырды.
Құттықтау сөзін ҚКП Орталық комитеті Үгіт-насихат бөлімі бастығының орынбасары, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Ақпарат кеңсесінің меңгерушісі Мо Гаои, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Асқар Умаров, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Рұстам Әли және Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Чэн Кефань, ҚХР Шетел тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату департаменті бастығының орынбасары Юй Инфу сөйледі.
Іс-шара Қазақстан мен Қытайдың сарапшылар қоғамдастығының сөз сөйлеуімен аяқталды.