Басыт бет

Сыбайлас жемқорлықтың қазақстандық қоғамдағы үлестіру қатынастарының деформациясы мен әлеуметтік жіктелуіне ықпалы

Сыбайлас жемқорлықтың қазақстандық қоғамдағы үлестіру қатынастарының деформациясы мен әлеуметтік жіктелуіне ықпалы

Аңдатпа

Жобаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың үлестіру қатынастарының деформациясына және қазақстандық қоғамның әлеуметтік жіктелуіне ықпалын зерттеу; табысты әділ және тиімді бөлістіру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

1. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы үлестіру қатынастарына ықпалын бағалаудың теориялық және әдістемелік тәсілдерін зерттеу;

2. Қазақстан қоғамының үлестіру қатынастарының деформациясы мен әлеуметтік жіктелуіне сыбайлас жемқорлықтың ықпалын талдау және бағалау;

3. Табысттарды әділ және тиімді бөлу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу.

Әдістемелік база. Қойылған мәселелерді шешу үшін институционалдық теорияны синтездеу, регрессиялық талдау және семантикалық үлгілеу әдістерін қолдану көзделеді. Үлестіру қатынастары мен әлеуметтік теңсіздіктің деформациясына сыбайлас жемқорлықтың ықпал етуін сипаттайтын тұрақты байланыстар мен қатынастарды анықтау үшін, сондай-ақ талдау нәтижелерінің ғылыми негізділігін арттыру үшін семантикалық үлгілеу әдістері қолданылатын болады, бұл қарастырылатын үдерістер мен құбылыстарды формализациялауға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер:

  • сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы үлестіру қатынастарына ықпалын бағалаудың теориялық және әдістемелік тәсілін әзірлеу;
  • сыбайлас жемқорлықтың үлестіру қатынастарының деформациясына және қазақстандық қоғамның әлеуметтік жітелуіне ықпалын бағалау;
  • табыстарды әділ және тиімді бөлістіру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу.