Басыт бет

Сараптама және стратегиялар: бизнес және экономикалық дамуға кешенді көзқарас

Сараптама және стратегиялар: бизнес және экономикалық дамуға кешенді көзқарас

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының қызметкерлері бас директордың ғылым бойынша орынбасары Чуланова З.К., жетекші ғылыми қызметкер Рузанов Р.М., кіші ғылыми қызметкер, докторант PhD Иманғали Ж. 2024 жылдың 21-22 қыркүйегінде Қытайда, Гонконгте өткен экономика және бизнес саласындағы пәнаралық зерттеулер бойынша халықаралық SIBR (The Society of Interdisciplinary Business Research) конференциясында «Сараптама және стратегиялар: бизнес және экономикалық дамуға кешенді көзқарас» зерттеу тақырыбымен қатысты. SIBR конференциясына 15 елден келген, экономика және бизнес сферасындағы зерттеушілер болды. Шолушы лекцияны Гарвард университетінің және Мессина университетінің профессоры, The American Economist қауымдастырылған баспагері Бруно Серджи оқыды.

Төрайым ретінде З.К. Чуланова «Socio-economic development» сессиясын өткізіп, «Wages in Kazakhstan: differentiation of above-tariff payments and optimization prospects» зерттеу тақырыбындағы презентациясын ұсынды. Р.М. Рузанов және Ж. Иманғали «Education, growth & sustainability»сессиясында «Economic growth, problems of wealth distribution and inequality in Kazakhstan» баяндамасын қорғады. Ұсынылған зерттеу жұмыстары Экономика институтының  «Қазақстан Республикасы халқының үлестіру қатынастары жүйесін жаңғырту және табыстар теңсіздігін төмендету» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы аясында іске асырылды.

Конференция жұмысы барысында Экономика институтының қызметкерлері басқа ғалым-зерттеушілермен тәжірибелерімен бөлісіп, Гонконг политехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, SIBR құрметті кеңесшісі Майкл К.Фангпен серіктестік туралы меморандум жайлы келісімге келді.