Басыт бет

АР23485949«Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының доктринасын жүзеге асыру жағдайындағы халықтың экономикалық ойлауы мен мінез-құлқы: факторлары, алғышарттары және механизмдері»

АР23485949«Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының доктринасын жүзеге асыру жағдайындағы халықтың экономикалық ойлауы мен мінез-құлқы: факторлары, алғышарттары және механизмдері»

Жобаның ғылыми жетекшісі – Халитова Мадина Мұратқызы, э.ғ. д., қаум.профессор. ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері.

Жобаның мақсаты — Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын іске асыру шеңберінде оның әлеуметтік әл-ауқаты мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін халықтың экономикалық ойлауы мен мінез-құлқын трансформациялаудың қажетті шарттарын, факторларын айқындау және механизмін әзірлеу болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1 кезең (2024 ж.) — экономикалық білімнің деңгейін арттыру арқылы халықтың экономикалық ойлауын өзгертудің теориялық тәсілдерін негіздеу болып табылады. Қазақстандық қоғамның экономикалық мінез-құлқын бағалау және талдау үшін көрсеткіштер жүйесі негізделетін болады.

2-кезең (2025ж.) — жаңа экономикалық саясатты іске асыру жағдайында қазіргі қазақстандық қоғамның экономикалық ойлауы мен мінез-құлқына талдау жасау. Зерттеудің осы кезеңін жүргізу нәтижесінде қазақстандықтардың экономикалық ойлауы мен мінез-құлқының ерекшеліктері айқындалады. Қазақстандық қоғамның экономикалық мінез-құлқына әсер ететін экономикалық сәйкессіздіктер анықталады.

3 кезең (2026ж.) — Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын іске асыру шеңберінде оның әлеуметтік әл-ауқатын және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін халықтың экономикалық ойлауын трансформациялау механизмін әзірлеуден тұрады. Халықтың экономикалық мінез-құлқының мониторингі механизмі әзірленетін болады.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

1 кезең (2024ж.) — Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың құрылымдық элементтерін анықтау осы кезеңнің нәтижесі болады, кономикалық ойлауды талдау әдістері мен қазіргі қоғамның экономикалық ойлауы мен мінез-құлқына әсер ететін факторлар зерделенеді..

2 кезең (2025ж.) — қазақстандықтардың экономикалық ойлауы мен мінез-құлқының ерекшеліктері айқындалады. Қазақстандық қоғамның экономикалық мінез-құлқына әсер ететін экономикалық сәйкессіздіктер анықталады. Бұдан басқа, экономикалық ойлау мен мінез-құлықты өзгертудің негізгі әдістері ретінде ел халқының экономикалық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттырудың ерекшеліктері айқындалатын болады.

3 кезең (2025ж.) — Халықтың экономикалық мінез-құлқының мониторингі механизмі әзірленетін болады. Механизмнің негізі әлеуметтік-экономикалық үйлесімділік және мемлекеттің жаңа экономикалық саясатымен өзара іс-қимыл негізінде экономикалық ойлауды қалыптастырудан тұрады.