Басты бет

«БАРЫС» II ДӘРЕЖЕЛІ ОРДЕНІ: ИНСТИТУТ АКАДЕМИГІ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

«БАРЫС» II ДӘРЕЖЕЛІ ОРДЕНІ: ИНСТИТУТ АКАДЕМИГІ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Институт экономикасының ұжымы атынан осы қуанышты жаңалықты жеткіземіз!

Ел Президентінің Жарлығымен, Республика күні сияқты ұлттық мереке қарсаңында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл тізімде – институтымыздың абыройы!

Біздің академигіміз Сабден Оразалы Сабденұлы жоғары мемлекеттік награда – «Барыс» II дәрежелі орденіменмарапатталды.

Бұл марапат – ғалымның еліміздің ғылымы мен білімін дамытуға сіңірген зор еңбегінің, көпжылдық қажырлы қызметінің және белсенді қоғамдық істерінің лайықты бағалануы. Оразалы Сәбденұлының еңбегі бүкіл ғылыми қауымдастық үшін үлгі!