Басты бет

Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері

Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері

Аңдатпа

Жобаның мақсаты – ғылымның әртүрлі салаларындағы гендерлік теңгерімсіздіктерді анықтау бойынша теориялық тәсілдерді, аспектілерді және озық шетелдік тәжірибелерді кешенді зерттеу, сондай-ақ стратегиялық бағыттарды таңдау, Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту институттары мен тетіктерін жетілдіру жөнінде ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1 кезең, 2023 ж. — Ғылымның әртүрлі салаларындағы гендерлік теңгерімсіздіктерді анықтау бойынша теориялық және әдіснамалық тәсілдерді, аспектілерді және озық шетелдік тәжірибелерді зерттеу;

2 кезең, 2024 ж. — Зерттеу әдістемесін әзірлеу және әйел ғалымдардың Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына әсер ету дәрежесін бағалау;

3 кезең, 2024 ж. — Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің ғылыми-практикалық ұсыныстарын, стратегиялық бағыттары мен тетіктерін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1 кезең, 2023ж. — ғылымның әртүрлі салаларында гендерлік теңгерімсіздіктің теориялық және әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу;

2 кезең, 2024 ж. — ғылыми-зерттеу әдістемесін әзірлеу және әйел ғалымдардың Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына әсерін бағалау;

3 кезең, 2024 ж. — Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тетіктерін әзірлеу.

2023ж. нәтижелері:

Ғылымның әртүрлі салаларында (гендерлік қатынастар, гендерлік кемсітушілік, гендерлік алшақтықтар және т. б.) гендерлік стереотиптер бойынша қолданыстағы ғылыми зерттеулердің теориялары, тұжырымдамалары мен тәсілдері зерттелді. Ғылыми ортадағы гендерлік теңгерімсіздіктерді анықтаудың шетелдік тәжірибесін зерттеу және оның озық тәжірибелерін Қазақстан жағдайларына бейімдеу жүргізілді. STEM салаларында әйел ғалымдардың шешім қабылдауына, өзін-өзі тануына және мансаптық өсуіне кедергі жасайтын әлеуметтік-мәдени факторларды және гендерлік-ғылыми стереотиптер зерттелді. Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі негізгі тұжырымдамалық ережелер, ғылым мен инновациядағы гендерлік айырмашылықтарды еңсеру жөніндегі нұсқаулықтар жиынтығы негізделді.

Отандық басылымдарда 2 мақала жарияланды.

2024ж. нәтижелері:

Ғылым және инновация саласындағы әйел ғалымдарды зерттеудің авторлық әдістемесін әзірлеу үшін қолданыстағы әдістемелік тәсілдер жүйеленді (бастапқы және қайталама деректер негізінде). Әйел ғалымдардың Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына әсер ету дәрежесін бағалау үшін олардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің маңыздылығын көрсететін факторлар жиынтығы анықталды және топтастырылды. Нәтижелері Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына әсерін бағалауға ықпал ететін әйел ғалымдардың (500-ден астам әйел) қатысуымен далалық әлеуметтанулық зерттеулерге негізделген сандық зерттеу жүргізілді. Әйел ғалымдардың Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына ықпалына регрессиялық талдау жүргізілді.

Отандық басылымдарда 5 мақала, шетелдік басылымдарда 2 мақала жарияланды.

2025 ж. 1-тоқсанның нәтижелері:

Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар, стратегиялық бағыттар мен тетіктер әзірленуде, оның ішінде STEM салаларындағы гендерлік теңсіздікті оңтайландыру бағыттары да қамтылуда.

Отандық басылымдарға 2 мақала және шетелдік басылымдарға 1 мақала жіберілді.