Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтының жетекші ғалымдары Албанияда өткен Тұрақты даму жөніндегі 13-ші Халықаралық конференцияға қатысты.
Еуропалық тұрақты даму орталығы мен Канадалық технологиялар институты ұйымдастырған бұл алаң тұрақты даму саласындағы идеялар алмасу, ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсыну және кәсіби мәселелерді талқылау үшін беделді платформаға айналды. Конференция ғылым, тәжірибе және саясат өкілдерін біріктіріп, жасыл энергетика, қаржылық тұрақтылық және тұрақты қалалық жоспарлау сияқты адам капиталының, экологиялық және экономикалық тұрақтылықтың маңызды мәселелеріне назар аударды.
Профессор Нұрланова Н.К. мен профессор Тлеубердинова А.Т. БҰҰ-ның жаһандық мақсаттарын ұлттық деңгейге бейімдеу мәселелеріне арналған негізгі баяндамалар жасады. Ғалымдар Батыс Қазақстан өңірлерінің ерекшеліктері мен сын-тегеуріндеріне сәйкес Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) бейімдеудің нақты тетіктерін ұсынды. Сонымен қатар, конференция аясында Османов Ж.Д. “Scenarios for Reducing Greenhouse Gas Emissions in the Gas and Oil Industry of Kazakhstan and Priorities for Economic Growth” тақырыбында постерлік таныстырылым жасады.Қазақстандық делегация материалдары АҚШ, Польша, Румыния, Колумбия және басқа да елдер ғалымдарының жоғары қызығушылығын тудырды. 13th ICSD 2025 конференциясына қатысу — қазақстандық ғылымның жаһандық ғылыми кеңістікте белсенді түрде танылып, ел үшін маңызды шешімдер ұсынатынын, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі кәсіби біліктілігін дәлелдейтін айқын көрсеткіш