2026 жылғы 26 ақпанда ғылым саласын цифрлық трансформациялау бағыты аясында «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден – шешімдерге» атты стратегиялық сессия өтті. Жиынның басты кезеңі – мемлекеттік басқару жүйесіне предиктивті аналитиканы енгізуді мақсат еткен AI SilkNet орталығының ашылуы болды.
Стратегиялық алаңда елдің ғылыми-білім беру және технологиялық экожүйесінің негізгі стейкхолдерлері бас қосты.
Сессия барысында зияткерлік меншік, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру және халықаралық кооперация мәселелері кеңінен қозғалды. Сарапшылар ғылымды басқаруда деректерге негізделген шешім қабылдау тетіктерін күшейтудің маңызын атап өтті.