Басты бет

ИНСТИТУТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ

ИНСТИТУТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ

Джордж Вашингтон университетінің Орталық Азия бағдарламасының директоры, профессор Себастьян Пейруз экономика институтына келді. Кездесу барысында ынтымақтастықтың мүмкін бағыттары, заманауи зерттеу тәсілдері және халықаралық академиялық серіктестіктің перспективалы бағыттары талқыланды.

Кездесу Институттың ғылыми байланыстарын нығайту және зерттеу әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жаһандық академиялық қоғамдастыққа кірігуге бағытталған халықаралық әріптестікті кеңейту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.