Басыт бет

Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері

Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері

Аңдатпа

Жобаның мақсаты – ғылымның әртүрлі салаларындағы гендерлік теңгерімсіздіктерді анықтау бойынша теориялық тәсілдерді, аспектілерді және озық шетелдік тәжірибелерді кешенді зерттеу, сондай-ақ стратегиялық бағыттарды таңдау, Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту институттары мен тетіктерін жетілдіру жөнінде ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1 кезең, 2023 ж. – Ғылымның әртүрлі салаларындағы гендерлік теңгерімсіздіктерді анықтау бойынша теориялық және әдіснамалық тәсілдерді, аспектілерді және озық шетелдік тәжірибелерді зерттеу;

2 кезең, 2024 ж. – Зерттеу әдістемесін әзірлеу және әйел ғалымдардың Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына әсер ету дәрежесін бағалау;

3 кезең, 2024 ж. – Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің ғылыми-практикалық ұсыныстарын, стратегиялық бағыттары мен тетіктерін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1 кезең, 2023ж. – ғылымның әртүрлі салаларында гендерлік теңгерімсіздіктің теориялық және әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу;

2 кезең, 2024 ж. – ғылыми-зерттеу әдістемесін әзірлеу және әйел ғалымдардың Қазақстандағы экономикалық өсуге, ғылым мен инновациялардың дамуына әсерін бағалау;

3 кезең, 2024 ж. – Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту мүддесінде әйелдердің ғылыми қызметтегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тетіктерін әзірлеу.