Жобаның мақсатының қысқаша сипаттамасы. Жобаның мақсаты – урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының өзара байланысына экономикалық, әлеуметтік және экологиялық процестердің әсерін кешенді зерттеу және осы негізде Қазақстан қалаларының экономикасын тұрақты дамытудың практикалық ұсыныстары мен тетіктерін әзірлеу.
2023 — Қаланың тұрақты дамуының теориялық және заманауи тәсілдерін негіздеу, сондай-ақ урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының арақатынасына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды анықтау.
2024 — Урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының өзара байланысын бағалаудың меншікті әдістемесін әзірлеу және оны тестілеу, сондай-ақ Қазақстан қалаларының дамуының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерін талдау
2025 — Қазақстан қалаларының тұрақты экономикалық дамуының практикалық ұсыныстары мен тетіктерін әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер.
Зерттеу нәтижелері бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізіледі:
2023 ж. – қаланың тұрақты дамуына теориялық және заманауи тәсілдер негізделеді, урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының арақатынасына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлар анықталады;
2024 ж. – урбанизация мен парниктік газдар шығарындылары арасындағы өзара байланысты бағалаудың өзіндік әдістемесі әзірленеді және сынақтан өткізіледі, сондай-ақ Қазақстан қалаларының дамуының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштері талданады;
2025 ж. – Қазақстан қалаларының тұрақты экономикалық дамуы бойынша практикалық ұсыныстар мен тетіктер әзірленетін болады.