Басыт бет

Урбанизация мен парниктік газдар шығарындылары арасындағы байланысқа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсерін зерттеу

Урбанизация мен парниктік газдар шығарындылары арасындағы байланысқа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсерін зерттеу

Жобаның мақсатының қысқаша сипаттамасы. Жобаның мақсаты – урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының өзара байланысына экономикалық, әлеуметтік және экологиялық процестердің әсерін кешенді зерттеу және осы негізде Қазақстан қалаларының экономикасын тұрақты дамытудың практикалық ұсыныстары мен тетіктерін әзірлеу.

2023 – Қаланың тұрақты дамуының теориялық және заманауи тәсілдерін негіздеу, сондай-ақ урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының арақатынасына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды анықтау.

2024 – Урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының өзара байланысын бағалаудың меншікті әдістемесін әзірлеу және оны тестілеу, сондай-ақ Қазақстан қалаларының дамуының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерін талдау

2025 – Қазақстан қалаларының тұрақты экономикалық дамуының практикалық ұсыныстары мен тетіктерін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер.

Зерттеу нәтижелері бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізіледі:

2023 ж. – қаланың тұрақты дамуына теориялық және заманауи тәсілдер негізделеді, урбанизация мен парниктік газдар шығарындыларының арақатынасына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлар анықталады;

2024 ж. – урбанизация мен парниктік газдар шығарындылары арасындағы өзара байланысты бағалаудың өзіндік әдістемесі әзірленеді және сынақтан өткізіледі, сондай-ақ Қазақстан қалаларының дамуының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштері талданады;

2025 ж. – Қазақстан қалаларының тұрақты экономикалық дамуы бойынша практикалық ұсыныстар мен тетіктер әзірленетін болады.