Басыт бет

МЕГАДАҒДАРЫС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

МЕГАДАҒДАРЫС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

18 қыркүйек 2020 ж. Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты «МЕГАДАҒДАРЫС ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ: ПРОБЛЕМАЛАР
ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ» атты халықаралық
ғылыми-практикалық онлайн конференция
өткізді. Конференция тақырыбының бастамашысы — ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д.,
профессор Баймұратов Ураз Баймұратұлы.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары шеңберінде
жетекші шетелдік және отандық спикерлер шақырылды: Тимашев С.А., Нобель
сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, т.ғ.д.,
профессор, Чурсин А.А., э.ғ.д., профессор, Алимбаев А.А. «Қазақ елі» журналының
бас редакторы (Түркия) Ертолқын Ғайнетулла, э.ғ.д., профессор, Өңірлік даму ҒЗИ
директоры А.А. Әлімбаев, э. ғ. д., профессор Satbayev Univercity Қазиева Р.К.

Конференция
бағдарламасында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:

1. Қазіргі мегадағдарыстар және жаңа жағдай сын-қатерлері

2. Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен толық қамтамасыз
етілуі: пандемия тәжірибесі

3. Мегадағдарыстардың сын-қатерлері жағдайындағы
әлеуметтік басымдықтар мен рухани жаңғыру

4. Жаңа цифрлік әлемдегі адам: жаңа мүмкіндіктер мен
тәуекелдер.

5. Ғылым және технологиялар: жаһандық трендтер мен ұлттық
жауапкершілік

Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы жарық көреді.