Басыт бет

Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты 16.10.2020 ж. «Ұлттық экономиканың ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы заманауи өнеркәсіптік саясаты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді.

Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты 16.10.2020 ж. «Ұлттық экономиканың ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы заманауи өнеркәсіптік саясаты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді.

Конференция
барысында пандемия кезінде тек өрши бастаған Қазақстан өнеркәсібін дамытудың
проблемалық мәселелері айтылды. Конференцияға қатысушылар мемлекеттің
өнеркәсіптік саясаты мен экспорттық стратегиясы бірінші кезекте ішкі нарықты
бірінші қажеттілік тауарларымен қамтамасыз етуі және халық қажеттіліктерін
салалық сегменттер – азық-түлік, жеңіл, ауыл шаруашылық, құрылыс өнімдерімен
қамтамасыз ету есебінен қанағаттандыруы, машина жасауда түсті металлургиямен
кешенде жоғары күрделілік дәрежесі бар өнімдер шығару жөніндегі өндірістерді
құруы, халықаралық технологиялық тізбектерге қосылуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ,
жалпы ел үшін маңызды мұнай-газ кешенін дамыту мәселелері қаралды және оның
төмен көміртекті технологияларға көшу бағыттары белгіленді. Өңдеу өнеркәсіп
секторын қолдау және ҚР өнеркәсібіндегі ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды
басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Конференция қатысушыларының
Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге асыру тұрғысынан «Белдеу
және Жол» жобасының мүмкіндіктерін пайдалану бойынша ұсыныстары қызығушылық
тудырды.

Талқылауға
мемлекеттік басқару, ғылым және бизнес органдарының өкілдері қатысты.

Конференция
модераторы – ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, э.ғ.д., профессор, ҚР
ҰҒА академигі Ә.Ә.Сатыбалдин.

Конференцияның шақырылған спикерлері мен
қатысушылары:

Батырқожа
Азамат Байқуанышұлы – ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
вице-министрі.

Рамазан
Аян Серікұлы – Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновациялық
экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаментінің директоры.

Сембин
Асқар Болатұлы – «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының
бас директоры.

Досмұхаметов
Әсет – Астана хаб компаниясының R&D департаментінің директоры.

Егоров Олег Иванович — э.ғ.д., профессор, б.ғ.қ., Экономика
институты.

Якупова Зифа Рафиковна – «Атамекен»
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңдеу өнеркәсібі
департаментінің директоры – басқарма директоры.

Сәкенова Бағила  — «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық
Кәсіпкерлер палатасының АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы.

Джаилов Джумабек Сатаевич
– э.ғ.д., профессор, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген экономисі, «Манас»
қырғыз-түрік университеті, Бішкек қ.

Беклемишев Павел Иннокентьевич – «Атамекен» ҚР ҰКП Машина
жасау және металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары

Түркеева
Күләш Әмірқұлқызы – э.ғ.д., доцент, ж.ғ.қ, Экономика институты.

Тұрғынбаева Ардақ
Несіпбекқызы — э.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Менеджмент
кафедрасының меңгерушісі.

Раимбеков Жанарыс
Сабырұлы — э.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан қ.

Юсупова
Гүлмира Әбдукерімқызы  — «Экспорт
академиясы» негізін қалаушы, «Экспортшылардың алтын жүздігі» курсының авторы.

Экономика
институтының жас қызметкерлері.