Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының бұйрығымен «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына экономика ғылымдарының докторы профессор, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры Еркин Токмухамедұлы Садыков тағайындалды.
