ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының инновациялық-технологиялық даму бөлімі меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері Сатпаева З.Т. Алматы Менеджмент университетінде (AlmaU) өткен «Think tank» форматындағы қала құрылысы және өнеркәсіптік саясат жөніндегі сарапшылар кездесуіне қатысты. Іс-шара Өнеркәсіп және құрылыс министрі Шарлапаев Қ.Б. іссапары аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде Қазақстанның үдетілген технологиялық әртараптануы мен жаңа өнеркәсіптік саясат стратегиясын әзірлеу мәселелері, сондай-ақ шетелдік тәжірибе базасында елдің кеңістіктік даму стратегиясы талқыланды.



