16 сәуір күні ҚР ҒЖБМ ҒК экономика институтының «Zertteu LAB» зертханасында жас ғалымдарға арналған Atlas.ti бағдарламасын ғылыми зерттеулерде қолдану бойынша семинар өтті.
Семинар барысында мәтіндер, құжаттар және түрлі материалдарды кодтау, категориялау және жүйелеу арқылы сапалық деректерді талдауға арналған бағдарламаның негізгі мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар Atlas.ti бағдарламасын әдебиетке шолу дайындауда, ғылыми жарияланымдарды талдауда және зерттеудің негізгі тақырыптарын анықтауда қолдануға ерекше назар аударылды.