2026 жылдың 29 сәуірінде Экономика институтының директор орынбасары Чуланова З.Қ. және ғылыми қызметкер Қабылқайрат Р. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі (ЭБЖМ ҚазҰУ) ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара «Қазақстан өңірлеріндегі халық табысының теңсіздігі және кедейлік: өлшеу, құрылымдық детерминанттар және әлеуметтік саясат» тақырыбына арналды.
Пікірталасқа қазақстандық ғалымдар, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ Әлемдік банктің сарапшылары қатысты. Әлемдік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша кедейлік пен теңсіздік мәселелері жөніндегі аға экономисі Метин Небилердің баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақты талдайтын жетекші халықаралық мамандардың бірі болып табылады.
Чуланова З.Қ. «Wages in Kazakhstan: differentiation of above-tariff payments and optimization prospects» Қазақстандағы еңбекақы дифференциациясы және еңбекті төлеу жүйесін жетілдіру перспективалары туралы баяндама жасады. Баяндамада еңбекақыны қалыптастырудың методологиялық тәсілдері, оның бөлу қатынастары жүйесіндегі экономикалық табиғаты, сондай-ақ тарифтік және тарифтен тыс төлемдердің арақатынасы тұрғысынан қазақстандық еңбекақы жүйесінің құрылымына талдау жасалды.