Басты бет

SCOPUS-КА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ: ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНДЕКСТЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР

SCOPUS-КА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ: ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНДЕКСТЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР

Astana IT University базасында «Қазақстандық басылымдардың тәжірибесі: практикалық кейстер мен ұсынымдар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шара Қазақстанның жетекші редакторларын, ғылыми жарияланымдар саласының сарапшыларын және академиялық қауымдастық өкілдерін бір арнаға жинады. Күн тәртібінде – ғылыми журналдарды дамытудың өзекті мәселелері және оларды халықаралық деректер базаларына енгізу жолдары.

Семинарда сөз алған спикерлердің бірі – «Экономика: стратегия және практика» журналының бас редакторының орынбасары, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты бөлімінің меңгерушісі Киреева Әнел Ахметқызы. Ол «CSAB (Scopus): журналдарды іріктеудің жасырын критерийлері – формальды талаптардан сенім моделіне дейін» атты баяндама жасады. Баяндамада Scopus-тан өткен журналдың нақты тәжірибесі талданып, оның базаға енуін қамтамасыз еткен факторларға ерекше тоқталды.

Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Қатысушылар нақты кейстерді талқылап, журналдарды халықаралық индекстеуге дайындау бойынша сараптамалық ұсынымдар алды.