Сандық ортаға ғылым: зерттеу тәжірибесінің үлгілері, желілік инфрақұрылым және сандық құралдар

Қазақстандағы ғылымның сандық дайындық деңгейін талдау.
ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының ақпараттық жүйесінің архитектурасын әзірлеу

Ғылыми жетекшісі Киреева А. А., э. ғ. к., ж. ғ. к.

Бірінші кезеңнің мақсаты (2018 ж.) – цифрлық инфрақұрылымдарды және сандық әлеуметтік зерттеулер модельдерін дамытудың қазіргі теорияларын зерттеу, ғылым әлеуетінің тиімділігін бағалаудың сандық порталының тұжырымдамасын және ЭИ ақпараттық жүйесі архитектурасының моделін әзірлеу.
Зерттеудің бірінші кезеңінің негізгі нәтижелері (2018 ж.):
– IT-ны дамыту және қайта құру кезеңдерінің эволюциясын зерттеу және жалпылау негізінде басты технологиялық үрдістер анықталды, олардың базасында «Индустрия 4.0» алдында жаһандық мәні бар қазіргі заманғы цифрлық платформалар құрылуы мүмкін.;
– әлеуметтік зерттеулер саласындағы қатынастардан, біріздендіру ұғымдарынан, аксиома жиынтығынан тұратын әлеуметтік зерттеулердің сандық инфрақұрылымының негізгі элементтері анықталды;
-ғылымометриялық көрсеткіштер концепциясын және ғылыми зерттеулерді бағалау әдістерін әзірлеудің маңыздылығы негізделген; ғылыми әлеуетті бағалауда қалыптасқан тәсілдерді жіктеу берілген; Scopus және Web of Science баспа процестерін басқарудың жетекші ғылыми-зерттеу цифрлық платформалары қарастырылған;
– Экономика институты жүйесінің ақпараттық моделінің кезеңдері мен міндеттері әзірленді; Экономика институты ақпараттық жүйесінің көпфункционалды WEB-моделінің бейімделген дизайны әзірленді.

Ғылыми нәтижелері келесі шетелдік рейтингтік басылымдарда көрсетілген РИНЦ және SCOPUS базасы:

1) Kireyeva, A. A., Mussabalina, D. S., & Tolysbaev, B. S. (2018). Assessment and Identification of the Possibility for Creating IT Clusters in Kazakhstan regions. Economy of Region, 14(2), 463-473. doi:10.17059/2018-2-10 http://www.economyofregion.com/archive/2018/69/3039/
2) Киреева А.А., Цой А.А. Механизмы формирования IT-кластеров как «полюсов роста» в регионах Казахстана на пути к «Индустрии 4.0» // Экономические и социальные перемены: факты, тенденции, прогноз. – 2018. – № 2 (11). – 2018. – С. 212-224. http://esc.isert-ran.ru/article/2623

Екінші кезеңдегі мақсат (2019 ж.) – Қазақстанның сандық дайындық деңгейіне, сандық әлеуметтік зерттеулер моделіне талдау жүргізу, ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен тиімділігін бағалау, ЭИ ақпараттық жүйесі архитектурасының прототипін әзірлеу.

Зерттеудің екінші кезеңінің негізгі нәтижелері (2019 ж.):
-ғылыми-технологиялық даму деңгейін, сандық орта және инфрақұрылымды бағалау әдістемесі әзірленді, сондай-ақ оның апробациясы жүргізілді;
– сандық инфрақұрылымды дамытудағы әлеуметтік зерттеулердің қазіргі заманғы модельдеріне талдау жүргізілді және Қазақстан үшін ең қолайлы сандық әлеуметтік зерттеулердің модельдерін таңдау негі зделді;
– библиометриялық өлшемдер бойынша ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен ғылыми әлеуетінің деңгейін бағалау жүргізілді ;
– Экономика институтының ақпараттық жүйесінің WEB моделін пайдаланушысының ақпараттық жүйенің моделіне, өтулеріне (әрекеттеріне) алгоритмдер мен стандарттар жасалды және оны тестілеу жүргізілді.

Ғылыми нәтижелер SCOPUS базасының келесі шетелдік рейтингтік жарияланымдарында көрсетілген:
Kireyeva, A. A., Lakhonin, V., & Kalymbekova, Z. (2019). Digital transformations to improve the work and distribution of the state scholarships programs. Journal of Distribution Science, 17(3), 41-47. doi:10.15722/jds.17.03.201903.41 http://dx.doi.org/10.15722/jds.17.03.201903.41

Іске асыру:
1. Анкара Йылдырым Баязит университетінің қызметіне ғылыми-зерттеу әзірлемелерін енгізу туралы пікір-хат (Анкара қ., Түркия).