«Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайындағы денсаулық сақтау саласының тиімділігін бағалау» жобасы

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру үшін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайындағы денсаулық сақтау саласының тиімділігін бағалау» жобасы 12 ай іске асыру кезеңімен (ҚР БҒМ). IRN AR09561767. Жетекшісі э.ғ.к. Рузанов Р.М. (толығырақ…)

«Экономика: стратегия және практика» (Economics: Strategy and Practice) журналы EconBiz дерекқорына енгенін хабарлаймыз.

«Экономика: стратегия және практика» (Economics: Strategy and Practice) журналы EconBiz дерекқорына енгенін хабарлаймыз. EconBiz-бұл бизнес және экономикалық зерттеулер бойынша ғылыми мақалаларға ашық қол жетімділікті қамтамасыз ететін неміс эконометриялық базасы. Журналды econbiz базасына енгізу-журналдың ғылыми басылымның жоғары сапасын анықтайтын барлық заманауи халықаралық талаптарға жауап беретіндігінің дәлелі. Толығырақ сайтта танысуға болады https://www.econbiz.de/Record/%C3%A8konomika-strategija-%C5%BE%C3%A4ne-praktika/10012166725

«Экономика: стратегия және практика» (Economics: Strategy and Practice) журналы Directory of Open Access Journals (DOAJ) дерекқорына енгенін хабарлаймыз

«Экономика: стратегия және практика» (Economics: Strategy and Practice) журналы Directory of Open Access Journals (DOAJ) дерекқорына енгенін хабарлаймыз.

DOAJ – әлемдегі ең танымал іздеу қызметтерінің бірі, ол материалдарға ашық қол жетімділікті қамтамасыз етеді және журнал тақырыптары мен ғылыми мақалаларды индекстейді.

Журналдың DOAJ базасына кіруі –журналдың ғылыми басылымның жоғары сапасын анықтайтын барлық заманауи халықаралық талаптарға жауап беретіндігінің дәлелі. Ол журналға баспа процесінің барлық тараптарын сипаттайтын (редакциялық саясат, редакциялық алқа сапасы, мақалаларды қабылдау, рецензиялау және жариялау процестерінің ашықтығы, мақалалардың толық мәтіндерінің қолжетімділігі, авторлық құқықтарды қорғау, ғылыми этика, құпиялылық және плагиатпен күрес саласындағы саясат, журнал сайтының ашықтығы және т.б.) 50-ден астам түрлі критерийлер бойынша мұқият автоматтандырылған талдау жүргізеді.

Экономикалық салада DOAJ тек 2 журнал кірді, олардың бірі

«Экономика: стратегия және практика». Толығырақ https://doaj.org/ сайтында танысуға болады.

Ақпараттық хат!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты Сіздерді «Индустрия 4.0 жағдайында Қазақстан аймақтарының инновациялық-зияткерлік дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.

Өтетін күні: 9 шілде 2021 ж.

Өтетін орны: ZOOM алаңында онлайн режимінде

Конференция аясында ҚР Президенті Қ.-ж. Тоқаевтың 2020 жылғы 01 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының негізгі міндеттерін шешу бойынша экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыруға және елдің зияткерлік капиталын дамытуға бағытталған негізгі мәселелер мен шараларды талқылау жоспарлануда.

Конференция бағдарламасына келесідей сұрақтар енгізілді:

  •  Қазақстан аймақтарын инновациялық-зияткерлік дамыту үшін Индустрия 4.0 сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері;
  •  экономиканы технологиялық жаңғырту және елдің ғылыми-технологиялық кеңістігін дамыту;
  •  Қазақстан аймақтарының зияткерлік әлеуетін арттыру және іске асыру;
  •  Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін дамыту;
  •  теңгерімді аумақтық дамыту.

Конференция жұмысына белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының, жоғары оқу орындарының, бизнес, қоғам өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысады. Конференция материалдары ғылыми басылым түрінде жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция ұйымдастырушыларының байланыстары: 8 727 261 01 75 Электрондық пошта: ieconomkz@gmail.com

ZOOM конференциясына қосылу үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/82437698207?pwd=SHdwNkhrbDl6TUdpUkxPdHQxYnlEdz09

Конференция идентификаторы: 824 3769 8207

Кіру коды: 756290

Қосымша

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақала мәтіні және қатысуға өтінімдер conference09.07.2021@gmail.com эл. адрес бойынша 17 шілде 2021 жылға дейін қабылданады.

Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады.

Қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы: 5000 теңге.

Байланысушы тұлға: Мусаева Динара Мұхамеджанқызы.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Шевченко к., 28. ҚР БҒМ ҒК Экономика институты

Анықтама телефоны: 8 727 261 01 75 Электрондық пошта: conference09.07.2021@gmail.com

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Авторлық мақалалардың түпнұсқалары жариялауға қабылданады.

Мақала мәтіні. 4-тен 6 бетке дейінгі жеке файл. Парақтың өлшемі – A4, жолдың аралық интервалы. Барлық жиектер – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Баяндаманың атауы бас әріптермен (қарпі қалың, 14 пт, ортасында). Бір жолдан кейін кіші әріптермен – ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, авторлардың аты-жөні (қарпі 14 пт, ортасында). Төменде (курсивпен) – ұйымның, қаланың, елдің атауы (қарпі 14 пт, ортасында). Бір жолдан кейін мақала тіліндегі реферат (5 жолдан аспайды) және бір жолдан кейін – түйін сөздер (6 сөз бен сөз тіркесіне дейін) (қаріп 14 пт, ені бойынша). Жолақтан кейін мақаланың негізгі мәтіні жазылады.

Мәтін параметрлері: Times New Roman шрифті, өлшемі – 14 пт, жолдың аралық интервалы, абзацтың шегінісі – 1 см, парақтың еніне туралану, абзацтың алдындағы және кейінгі аралығы – 0 пт, тасымалдарды автоматты түрде орналастыру.

Суреттер мен кестелер мәтінде орналасуы қажет. Мысалы сурет атауын рәсімдеу: 1 сурет – Қазақстандағы инновациялық белсенділік деңгейі (ортасында). Мысалы кесте атауын ресімдеу: 1-кесте – Кәсіпорындардың өлшемділігі бойынша инновациялық белсенділік көрсеткіштері (сол жақ шеті бойынша).

Сілтемелер: мәтін (мақаланың соңында орналасқан). Мысалы, мақала мәтінінде: [1, 104-107 б.]; мәтін сілтемесінде: Н.Ж. Бримбетова Қазақстанның аумақтық дамуын жаңғырту: әдіснамасы және басымдықтары [Мәтін]. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2011. – 229 б. Мәтіндік сілтемелер мақала мәтініндегі дереккөздерге сілтемелердің пайда болу тәртібінде араб цифрларымен нөмірленген тізім ретінде рәсімделеді, тізім «Пайдаланылған дерек көздері» деген сөздерден басталады.

Орыс тіліндегі мәтіндер үшін: мәтіннен бір жолдан кейін баяндаманың атауы бас әріптермен, төменде автордың (-лардың) тегі мен инициалдары (қаріп 14 пт, ортасында), аңдатпа және түйін сөздер ағылшын тілінде (шрифт – 14 пт, ені бойынша) болуы тиіс. Мақалалар авторлық редакцияда жарияланады. Мақала мазмұнына автор жауап береді.

Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін мақалалардан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Мақаланы рәсімдеудің үлгісі

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Иванов И.И. э.ғ.д., профессор

ҚР БҒМ ҒК Экономика институты

Алматы қ., Қазақстан

Аңдатпа Аңдатпа Аңдатпа Аңдатпа

Түйінді сөздер;

Мақала мәтіні, Мақала мәтіні, Мақала мәтіні, Мақала мәтіні, Мақала мәтіні,

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ

1. Асылбаев К.Б. Политика выравнивания территориальной несбалансированности Казахстана // Экономика: стратегия и практика. – 2016. – № 1(37). – С. 123-134.

2. Бримбетова Н.Ж. Модернизация территориального развития Казахстана: методология и приоритеты. – Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2011. – 229 с.

3. В Казахстане появятся «умные города». [Электронный ресурс] Режим доступа: URL: https://news.mail.ru/economics/27344064/?frommail=1 (дата обращения 05.10.2016 г.).

Реквизиттер:

ШЖҚ РМК ҚР БҒМ ҒК «Экономика институты»: БИН 990340001449 КБе 16 Адресі: ҚР, 050010, Алматы қ., Шевченко к., 28 тел\факс: (727) 261-01-75 Р/С KZ696010131000009277 АҚ «Народный Банк Казахстана» БИК HSBKKZKX

Пошталық адресі: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы Шевченко көшесі, 28, E-mail: ieconomkz@gmail.com

Қолданбалы зерттеулер орталығы

Османов Жасым Джафарович

Қолданбалы зерттеулер орталығы меңгерушісі

PhD, ғылыми қызметкер.

Scopus ID: H-index=1 (57206737774)

ORCID:  0000-0002-5225-0365

2011 ж. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін  «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің магистратурасын  «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылдан бастап ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Экономика институтында ғылыми қызметкер. 2017-2020 жж. Нархоз университетінде «Экономика» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасында оқып, PhD дәрежесін алды.

Ғылыми қызығушылығы: экспортты әртараптандыру, аймақтардағы өндірісті дамыту, өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау мәселелері.

13 ғылыми мақалалары бар. Оның ішінде Scopus  базасындағы  индекстелген халықаралық ғылыми журналында 1 мақала, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен журналдарда 3 мақала, ұжымдық монография бөлімінде 2 тарау, халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында басылды.

Қазіргі заманғы зерттеу әдістері бөлімі

Молдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы

Заманауи зерттеу әдістері бөлімінің меңгерушісі

Phd кандидаты

Scopus ID: H-index=2 (57207841308 )

Researcher ID: H-index=1 (AAN-3931-2020)

РИНЦ: H-index = 1 (1075439 )

ORCID:  0000-0003-4330-5595   

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі

«Central Asia Research Club» ұйымының кеңесші-тренері

Жүлделер мен марапаттар:

– Германия академиялық алмасу қызметінің (DAAD) ғылыми стипендиясының иегері – ғылыми гранттар «Докторанттарға арналған жылдық тағылымдама» (Висмар қолданбалы ғылымдар, бизнес және технологиялар университеті, Германия) 2020–2021 жж.;

– Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері (Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасы, Ресей) 2011–2013 жж.

Ғылыми қызығушылықтары:

Логистикалық қызметтердің сапасын бағалау, әлеуметтік зерттеудің әдіснамасы мен әдістері, мәліметтерді талдау, бағдарламалар мен жобалардың тиімділігін бағалау

Бөлім қызметкерлері:

Жанғалиева Қ. – ғылыми қызметкер

Мусаева Д. – ғылыми қызметкер

Султанаев А. – ғылыми қызметкер

Өмір А. – ғылыми қызметкер

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІ

Қалиева Сәуле Ауғанбайқызы

Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер

Экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: H-index=1 (57204160377) 

Researcher ID: H-index=1  (Y-8598-2019)

РИНЦ: H-index = 3 (924366)

ORCID:  0000-0003-0533-2728  

Редакция алқасының мүшесі, «Экономика: стратегия және практика» журналының тақырыптық редакторы

К.А.Сағадиева атындағы Халықаралық бизнес университетінің диссертациялық кеңесінің мүшесі.

ҚР ҒЖБМ ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы

Талдықорған қаласы Әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасының сарапшысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің (Ақтау қ.) еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі өңірлік штабтың сарапшысы, жұмыс тобының мүшесі

Экономика және көлікті ақпараттандыру, телекоммуникация ғылыми-зерттеу институтының (Астана қ.) және ҚР ЕжХӘҚМ сарапшысы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының бас сарапшысы

«Қазақстан жастары-2022-2023» ұлттық баяндамасын дайындау бойынша Нұр-сұлтан қаласының «Жастар» ғылыми – зерттеу орталығы» ЖШС сарапшысы.

СЫЙЛЫҚТАР МЕН МАРАПАТТАР:

  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтын дамыту бойынша жемісті ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі және белсенді қоғамдық жұмысы үшін ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының Құрмет грамотасы (2011, 2012, 2013, 2022 жж.)
  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының 60 жылдығына орай экономикалық ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс (2012 ж.)
  • Ғылыми жұмыс дайындығының жоғары деңгейі, шығармашылық көзқарасы мен педагогикалық шеберлігі үшін Құрмет грамотасы – Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті – Мәскеу қ., Ресей-2015 ж.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жемісті ғылыми-зерттеу қызметі және экономикалық ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы. – Астана, (2016, 2017, 2018 жж.)
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі (2022ж.)
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің алғыс хаты. – Астана, 2023 ж.

 

ҒЗЖ Жобаларына Қатысу:

  • «Әлеуметтік-экономикалық шиеленіс жағдайында Қазақстан халқын жұмыспен қамтуды қайта құрылымдау» жобасының басшысы (ЖРН AP09260584, 2021-2023 жж.)
  • «Қазақстандағы демографиялық процестердің, көші-қонның, урбанизацияның факторларын, ерекшеліктері мен динамикасын зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу «жобасындағы «Демография » бөлімінің басшысы (ЖРН 10965247, 2021-2023 жж.)
  • «Қазақстан жастары 2022, 2023″ Ұлттық баяндамасының «Демография« бөлімінің басшысы.».

Ғылыми қызығушылықтары:

Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану, әлеуметтік жаңғырту, адами капитал мен адам ресурстарын дамыту, еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, білікті кадрларға қажеттілікті болжау, демографиялық даму, Еңбек көші-қоны және т. б. проблемаларды зерттеу.

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

 

Сабден О. – бас ғылыми қызметкер

Түркеева К.А. – жетекші ғылыми қызметкер

Багаева Н.У. – аға ғылыми қызметкер

Туебекова Ш.Ж. – ғылыми қызметкер

Нұрымова С.К. – ғылыми қызметкер

Сүлейменова А. Ш. – ғылыми қызметкер

Есентай А. – ғылыми қызметкер

Мұсаева Д.М. – ғылыми қызметкер

Уалтаев М. – докторант

«Экономика: стратегия және практика» журналы

«Экономика: стратегия және практика» (Economics: Strategy and Practice) журналы экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (БҒССҚК) ұсынатын басылымдар тізбесіне енгенін хабарлаймыз! Қолданысқа енгізілу күні: наурыз 2021. Бұйрық нөмірі: №402, 04.05.2021.

Дереккөз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/163333?lang=ru

Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты Сіздерді «Өмір сүру сапасы: әлеуметтік-экономикалық басымдықтар және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының өсуінің негізгі бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

(толығырақ…)