Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша

2019 жылғы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша Экономика институтының » Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізінде ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» атты ғылыми-техникалық бағдарламасы зерттеулерді жалғастыруға мақұлданды және 25 балл алды («Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» басым бағыты бойынша ҰҒК отырысының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №8 хаттамасына №3 үзінді). Бұл Қазақстан бойынша 138 бағдарлама арасында 5-7 орын.

(толығырақ…)

Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық акциясы

ҚР БҒМ ҒК Экономика институты Жаңа жылдық корпоративтен бас тартып, жиналған жалпы сомасы 510000 теңгені құрайтын қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығының пайдасына берді.

Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығы тегін қызмет көрсетеді және 2 жыл ішінде тек қайырымдылық көрсету мақсатында қызмет етеді. Орталықтың негізгі міндеттері: спорттық-сауықтыру, емдеу-сауықтыру іс-шараларын, әлеуметтік-еңбекке бейімделуді, мүгедектікке алып келетін әртүрлі аурулардан зардап шегетін балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті жүзеге асыру болып табылады.

Орталықта балалар ЕДШ, логопед, дефектолог, психолог қызметтерін, жалпы білім беру бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болып, вокалдық, хореографиялық, көркемөнер таланттарын дамытады. Физиоемдеу алады, танымдық экскурсияларға шығады. Оңалтудың негізгі бөлігі спортпен айналысу (жүзу, жеңіл атлетика, армрестлинг, арбада бал билері, шахмат, тоғыз құмалақ) болып табылады.

Емдеу, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту арқасында Орталық қамқорлығындағылар керемет нәтижелерге қол жеткізді. Орталықтың ресми ашылғаннан бері 2 жыл ішінде 6 бала мүгедек арбасынан тұрды!!!

«Ғылым, экономика және қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы: нақтылық және перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚР БҒМ ҒК Экономика институты 2019 жылғы 18 қазанда «Ғылым, экономика және қоғамның әлеуметтік жаңғыруы: шындық және перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. (Алматы қ., Ғылым ордасы, Концерт залы).

Конференцияның басты тақырыбы халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, әлемдік экономикалық жүйенің тұрақсыз дамуы және өсіп келе жатқан әлеуметтік теңсіздік жағдайында Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары мәселелері болды.

Конференцияда Экономика институтының «Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізінде ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулерінің нәтижелері көрініс тапқан «Стратегия экономической безопасности и социальной стабильности общества Казахстана» кітабының тұсаукесері өтті.

Конференция жұмысына мемлекеттік билік органдарының, ғылым, білім және бизнес өкілдері, соның ішінде белгілі отандық және шетелдік ғалымдар қатысты: білім және ғылым вице-министрі Асылова Б.А., ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сатыбалдин Ә.Ә., РФ РҒА президентінің орынбасары, РҒА корреспондент-мүшесі, э.ғ.д. Иванов В. В. (РФ), Миттвайда қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры С. Велесько (Германия); International School of Advanced Learning тең құрылтайшысы М. Львова (АҚШ) және басқалар.

ЭКОНОМИКАНЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы

Экономиканы институционалдық дамыту бөлімінің меңгерушісі Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы, э. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

Scopus ID: H-index=6 (57204163982)

Researcher ID: H-index=4 (AAX-5075-2020) 

РИНЦ: H-index=7 (932715)

ORCID: 0000-0001-7421-4472

«Экономика: стратегия және практика» журналының бас редакторы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі

Ресей Федерациясы Ресей ғылым академиясының академигі (шет елдік мүшесі).

Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі.

Моңғол ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі.

13 экономика ғылымдарының докторы және 39 экономика ғылымдарының кандидатын дайындаған.

 

БІЛІМІ

Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1981 ж.) – Экономист-ұйымдастырушы

Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ (1984-1985 жж.) Аспирантура

 

КӘСІБИ ЕҢБЕК ӨТІЛІ

  • Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі, Майтөбе кеңшарының бас экономисі (1981-1983 жж.);
  • Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ аспиранты (1984-1985 жж.);
  • Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ҒЗИ кіші, аға ғылыми қызметкері (1986-1988 жж.);
  • Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1989-1993 жж.);
  • ҚазАШҒА президиумының бас ғылыми хатшысы (1994 ж.);
  • «Шымкент» ҒӨБ бас директоры (1995 ж.);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (1995-1996 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бас директоры (1996-2003 жж.);
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері комитетінің хатшысы (1996 ж.);
  • Қазақстан Ғылым Академиясының аграрлық ғылымдар жөніндегі вице-президенті (1997-1999 жж.);
  • Қазақстан Ғылым Академиясының ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы (1998-2003 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (02.2004 ж. бастап)
  • ХҚТУ түркітілдес елдердің интеграциялық байланыстарын зерттеу институтының директоры (2005-2007 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аумақтық басқармасының бастығы – Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңес төрағасы (2007-2013 жж.);
  • «КазАгроИнновация» АҚ басқармасының төрағасы (2014-2015 жж.);
  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры (2015 ж. бастап).

 

МАРАПАТТАРЫ: «Барыс», «Құрмет», «Парасат»; «Михайло Ломоносов» (РФ ордені)

ҒЗЖ ЖОБАЛАРЫН БАСҚАРУ:

– «Үшінші технологиялық жаңғырту негізінде ғылымды қажетсінетін экономикаға Қазақстандық жол: Даму стратегиясы, модельдері мен тетіктері» ғылыми-техникалық бағдарламасы (2018-2020 жж.)

– Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары: Ф. 1008 EN1146543 «Қазақстан экономикасы мен қоғамының теңгерімді аумақтық дамуының тұжырымдамасы мен тетіктерін әзірлеу», (2021-2022 жж.)

– «Қазақстан өңірлерінде әлеуметтік әл-ауқаттың Ұлттық индексін әзірлеу және оны әлемдік геосаяси және экономикалық дағдарыс жағдайларына бейімдеу» (2022-2024 жж.)

БӨЛІМНІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ:

– Әлемдік геосаяси және экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан халқының әлеуметтік инновациялары мен өмір сүру сапасы;

– Қазақстан экономикасы мен қоғамының аумақтық дамуы;

– Қазақстанның технологиялық жаңғыруы жағдайындағы еңбек нарығындағы адами капитал;

– Қазақстанда ғылымды қажетсінетін экономиканы қалыптастыру жағдайындағы инвестициялық-қаржы жүйесінің моделі;

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

  • Панзабекова Аксана Жакитжановна – б.ғ.қ, э.ғ.к., доцент, бөлім бастығының орынбасары
  • Рузанов Рашид Муратбекович – ж.ғ.қ., э.ғ.к.,
  • Тлеубердинова Айжан Тохтаровна – б.ғ.қ, э.ғ.д., профессор
  • Халитова Мадина Муратовна – б.ғ.қ, э.ғ.д., доцент
  • Дауранов Ильдар Найльевич – ж.ғ.қ., э.ғ.к.,
  • Турдалина Шарбану Куандыковна – докторант PhD, ғ.қ.,
  • Фазылжан Дамир – докторант РhD
  • Кальменов Бекмухамед – докторант РhD.

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы – Нұрсұлтан қаласындағы Экономика институтының филиалы (ҚР БҒМ 2000 жылғы 2 қазандағы № 496 бұйрығы бойынша құрылды).

Ғылыми зерттеулердің бағыттары:

  • Қазақстанда көлік-логистикалық қызметті дамыту

Филиал қызметкерлері:

Бодаубаева Гүлмира Аханқызы ж.ғ.қ, э.ғ.к., доцент
Жакупбекова Аманкуль Қабдолақызы  
Сакенкызы Гүлнафиз магистр
Жанбозова Ақсауле магистр

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЕНГІЗУ БӨЛІМІ

Киреева Әнел Ахметқызы

g

Ақпарат және зерттеу нәтижелерін енгізу бөлімінің меңгерушісі

g

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Scopus ID: H-index = 8 (56530815200)

Researcher ID: H-index = 7 (N-6029-2016)

РИНЦ: H-index = 3 (923246)

ORCID:  0000-0003-3412-3706

Журналдың бас редакторының орынбасары «Экономика: стратегия және практика»

Қауымдастырылған журнал редакторы «Journal Distribution of Science» (SCOPUS)

ЖҮЛДЕЛЕР МЕН МАРАПАТТАР:

  • 2016-2017 жж. жас ғалымдар арасында ҚР БҒМ ғылыми стипендиясының стипендиаты;
  • Сорос-Қазақстан Халықаралық қорының gender Open economy Fellowship бағыты бойынша жас ғалымдар арасында ғылыми стипендия иегері (2018 ж.);
  • Корея ғылымын тарату қауымдастығы беретін «Best Paper Award «ғылыми-зерттеу сыйлығы, Сеул қ., Оңтүстік Корея (2018 ж.);
  •  Корея ғылымын тарату қауымдастығы беретін «AWARD EXCELENCE» марапаты, Сеул қ., Оңтүстік Корея (2019 ж.);
  • «Kazakhstan Women’s participation in Online Marketplaces: Benefits and Barriers» жобасы үшін ғылыми-зерттеу сыйлығының иегері, Азия Даму Банкі, Токио, Жапония (2021 ж.);
  • 2022-2023 жж. жетекші ғалымдар арасында ҚР БҒМ ғылыми стипендиясының стипендиаты.

ҒЗЖ ЖОБАЛАРЫНА ҚАТЫСУ:

1) «Қазақстанның ауылдық әйелдерінің ресурстарға тең емес қол жеткізуін еңсеру жөніндегі басымдықтар мен тетіктер» жобасының басшысы (ЖРН AP14869297, 2022-2024 жж.)

2) «Қазақстандағы демографиялық процестердің, көші-қонның, урбанизацияның факторларын, ерекшеліктері мен динамикасын зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу» жобасын орындаушы (BR10965247, 2021-2023жж.)

Ғылыми қызығушылықтары: экономика, aймақтық экономика, дағдарысты басқару, жаңа технологиялар нарығы, техногендік жаһандану, креативті экономика, цифрлық экономика, гендерлік экономика мәселелерін зерттеу.

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

  • Мұратова А. — ғылыми қызметкер
  • Сейтқан Г. — ғылыми қызметкер
  • Шевченко О. Д. — инженер
  • Байханова М.С. – инженер
  • Урдабаев М.Т. — IT маманы
  • Муздубекова Г. — техник

Ғылыми-технологиялық және инновациялық даму бөлімі

Сатпаева Зайра Тулегенқызы

g

Аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі

j

PhD  

Scopus ID: H-index = 5 (57214615874)

Researcher ID: H-index = 3 (N-5297-2014)

РИНЦ: H-index = 4 (1038104 )

ORCID: 0000-0002-1644-3709

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты Ғылыми кеңестің мүшесі

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты Әдіснамалық кеңесінің мүшесі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және AlmaU университетінің диссертациялық кеңестің мүшесі

«Экономика: стратегия және практика» және «Eurasian Journal of Economic & Business Studies» журналдардың редакциялық алқасының мүшесі

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі

ЖҮЛДЕЛЕР МЕН МАРАПАТТАР:

  • POSCO Asia Fellowship (2008);
  • Eurasian Research Institute Fellowship (2015);
  • Open Economy Fellowship (2018);
  • Urban Forum Almaty (2018);
  • «InteRussia» Fellowship (2021) және OXUS Fellowship (2023) стипендиаты;
  • ҚР президенттік стипендиясы (2009) мен ТМД қатысушы-мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының грантының (2010);
  • Дарынды жас ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның (2021-2022);
  • Корей ғылымды тарату қауымдастығы «Best Paper Award» ғылыми сыйлығының (KODISA, Сеул қ., Оңтүстік Корея, 2023) иегері.

ҒЗЖ ЖОБАЛАРЫНА ҚАТЫСУ:

Жетекші: «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның ықпалы: әдіснамасы, бағалау модельдері мен даму сценарийлері» (ЖТН AP08052745, 2020-2022 жж.)

Орындаушы: «Қазақстандағы демографиялық процестердің, көші-қон, урбанизация ерекшеліктері мен динамикасын, факторларын зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу» (ЖТН BR10965247, 2021-2023 гг.), «ЕАЭО елдерінің ғылыми-технологиялық кеңістігі: құрылымы, даму тетіктері, Қазақстанның экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету» (ЖТН AP09259768, 2021-2023 жж.), «Экономиканың құлдырауын еңсеру жағдайындағы Қазақстанның инклюзивтік аймақтық дамуының басымдықтары мен тетіктері» (ЖТН AP09259004, 2021-2023 жж.), «Қазақстанның  ауыл  әйелдерінің  ресурстарға  тең  емес  қолжетімділігін  еңсеру жөніндегі басымдықтар мен тетіктер» (ЖТН AP14869297, 2022-2024 жж.).

Ғылыми қызығушылықтары:  Ғылыми, технологиялық және инновациялық дамудың, сондай-ақ өңірлік, креативті, цифрлық және гендерлік экономиканың мәселелері

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

  • Дінішев Ф.М. – бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор
  • Әлжанова Ф. Ғ. – бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., доцент
  • Әлібекова Г.Ж. – жетекші ғылыми қызметкер, PhD
  • Шерхан Ш.– кіші ғылыми қызметкер, магистр

Өңірлік экономика және табиғатты пайдалану бөлімі

Бектұрғанова Мақпал Саттықұлқызы

Өңірлік экономика және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі 

PhD докторы, MBA

Scopus ID: H-index = 2 (57204162579)

Researcher ID: H-index=1 (AAQ-2815-2020)

ORCID:  0000-0003-1708-8208

Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Ғылыми кеңестің мүшесі

«Экономика: стратегия және практика» журналының редакциялық алқасының мүшесі

«Ғылым ордасы» РМК базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Экономика институты ҚР ҒжЖБМ ҒК арасында ғылыми кадрларды даярлаудың бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы

ЖҮЛДЕЛЕР МЕН МАРАПАТТАР:

Халықаралық Сорос-Қазақстан қорының Gender Open Economy Fellowship бағыты бойынша жас ғалымдар арасындағы ғылыми стипендияның стипендиаты (2019-2020 жж.)

ҚР ҒжЖБМ ҒК ЭИ бас директорының жемісті ғылыми қызметі үшін алғыс хаты (2022 ж.)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2 Алғыс хаты (2022 ж.)

ҒЗЖ ЖОБАЛАРЫНА ҚАТЫСУ:

1) «Қазақстанның ауылдық әйелдерінің ресурстарға тең емес қол жеткізуін еңсеру жөніндегі басымдықтар мен тетіктер» жобасын орындаушы (ЖРН AP14869297, 2022-2024 жж.)

2) «Қазақстандағы демографиялық процестердің, көші-қонның, урбанизацияның факторларын, ерекшеліктері мен динамикасын зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу» жобасын орындаушы (BR10965247, 2021-2023жж.)

Ғылыми қызығушылықтары: экономикалық проблемалар, төменкөміртекті экономикалық даму, жасыл экономика, аймақтық экономика, цифрлық экономика, гендерлік экономика бойынша зерттеулер.

БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

  • Нұрланова Наиля Капенқызы – б.ғ.қ., э. ғ. д., профессор
  • Брімбетова Нұрсауле Жанахметқызы – ж.ғ.к., э.ғ.к., доцент
  • Егоров Олег Иванович – б.ғ.к., э.ғ.д.
  • Чигаркина Ольга Анатольевна – ж.ғ.к., э.ғ.к.
  • Сапарбек Нұргүл Құрманқызы – ғ.к., PhD докторант
  • Темірова Гаухартас – PhD докторант