2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру үшін «Туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдістемесінің дамуы» жобасы 12 ай іске асыру кезеңімен (ҚР БҒМ). ЖТН AР09561652. Жетекшісі э.ғ.д. Тлеубердинова А.Т.
Зерттеудің мақсаты – тұтынушылардың қанағаттануын арттыру резервтерін анықтау үшін отандық туристік өнімнің күшті және әлсіз жақтарын анықтай отырып, қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес келетін Қазақстандағы туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік тәсілін анықтау.
Зерттеудің негізгі нәтижелері: туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістерін талданды; туристік қызмет компоненттерінің сарапшылар мен тұтынушылардың пікірлері негізінде олардың маңыздылығын анықтай отырып, олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне әсері белгіленді; туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін сандық бағалаудың әдістемелік негіздері жасалды; туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалаудың әзірленген әдістемесі сыналды; тұтынушылардың қазақстандық туристік қызметтер деңгейіне қанағаттану деңгейі анықталды.
Зерттеу тобының мүшелері:
Тлеубердинова Айжан Тохтаровна – ҒЗЖ жетекшісі, э.ғ.д.
Author ID в Scopus: 57192707616
Researcher ID Web of Science: W-2885-2019
ORCID ID: 0000-0001-8762-5932
Researcher ID in Publons: W-2885-2019
Салауатова Динара Муслимовна – ғ.қ., PhD
Author ID в Scopus: 57212468162
Researcher ID Web of Science: U-5859-2018
ORCID ID: 0000-0001-8569-3755
Researcher ID in Publons: U-5859-2018
Жоба орындаушылардың негізгі зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялау, оның ішінде:
ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған журналдарда:
1. Тлеубердинова А.Т., Салауатова Д.М. Туристтік дестинациялар қызметтерінің бәсекелестік әдістерін талдау // Тұран университетінің хабаршысы, №3 (91), 2021. 194-200 б.
2. Тлеубердинова А.Т., Салауатова Д.М. Система показателей, определяющих конкурентоспособность услуг туристских дестинаций // ҚазЭХСҚУ хабаршысы, №3, 2021. 58-63 б.
SCOPUS дәйексөзінің басылымында:
1. Tleuberdinova A., Salauatova D., Pratt S. Macro-economic Factors Influencing Tourism Entrepreneurship: The Case of Kazakhstan // Journal of Entrepreneurship, 2021, 30(1), P. 179–209. https://doi.org/10.1177/0971355720981431
2. Tleuberdinova A., Salauatova D., Pratt S. Assessing Tourism Destination Competitiveness: the case of Kazakhstan // Journal of Policy Research in Tourism, Leisure and Events (басылымда)